KZ
Өскемен
-25°
переменная облачность жел 2 м/с, С
518.14 537.57 5.27

Ескек есушілеріміз Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Фото: www.gov.kz
Фото: www.gov.kz
20.06.2024, 19:15 158 Нұржан Кенжеұлы

Шығыс Қазақстанның байдарка мен каноэде ескек есу мектебі еліміздегі ғана емес, күллі Азиядағы үздік спорт ұстаханасының бірінен саналады. Бұған жақында мәресіне жеткен құрлықтық додада тағы бір мәрте көз жеткіздік.

Бірер күн бұрын, яғни маусымның 16-сында Тайландтың Паттайя қаласында қос ірі дода – жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаттары мәресіне жеткен болатын. Әдеттегідей, бұл байрақты бәсекеге де қазақстандық ескек есушілер қатысып, үздіктер қатарынан көріне білді. Олардың арасында біздің облыс өкілдері де болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Атап айтсақ, үш күнге созылған жарыста К4 санатындағы 500 метрлік сайыста өнер көрсеткен Мәди Түсіп тамаша нәтижеге қол жеткізді. 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы додаға қатысқан ол қарсыластарының бәрін басып озып, Азия чемпионы атанды.

Сонымен қатар Тай еліндегі құрлық біріншілігінде тағы бір жерлесіміздің қанжығасы майланды. Бұл С1 санатында сынға түскен Сұлтан Шарапиев болатын. Сұлтан 200 және 500 метрлік қашықтықтағы жарыстарда жүлделі үшінші орынға табан тіреп, ұлттық құрама қоржынына кезекті жүлделерді салды. Мәди сияқты ол да жасы 18 дейінгі спортшылар бәсекесіне қатысқанын айту керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу