KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Қарыз 70 млрд? ШҚО басқарма басшысы мәселені түсіндіріп берді

5.04.2021, 15:09 161

Күні бұрын ғана ШҚО-да жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері жеті айдан аса уақыт бойы тиісті үстемеақысын ала алмай келе жатқанын және қарыз сомасы - шамамен 70 миллиард теңге жеткенін жайында ақпарат БАҚ беттерінде жарияланды. Бұл жағдайға қатысты ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков түсініктеме берді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы медицина қызметкерлері алдында 70 миллиард теңге қарызы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді.

- Мен Өскемендегі жедел жәрдем станциясының жұмысшылары тиісті жәрдемақы мен төлемдерін ала алмады деген ақапаратты жоққа шығарғым келеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметкерлерге тиесілі барлық қызметтерді, өтемақы төлемдерін төледі. 2020 жыл мен 2021 жылдың қаңтар-ақпан айлары да толығымен жабылды. Қарыз жоқ, - деді Ермек Омарбеков.

Оның айтуынша, жедел жәрдем қызметкерлері жалақыларын дұрыс есептемейді. Өйткені тек Шығыс Қазақстанда ғана елдің өзге аймақтармен салыстырғанда басқа төлем жүйесі болуы мүмкін емес.

- Бүкіл Қазақстан бір жарлық бойынша, ал Өскемендегі жедел жәрдем станциясы басқа жарлық бойынша төлемдерін алуы мүмкін емес. Заң бәріне бірдей: Үкіметтің қаулысы, Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бар дегендей. Барлық төлемдерді ашық түрде көре аласыздар, - деп түсіндірді Ермек Омарбеков.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбіловтің айтуынша, облыстың дәрігерлерімен бірнеше рет кездесулер өткізіліп, онда жәрдемақыны есептеу бойынша түсініктемелер берілген. Тек 2020 жылы медициналық қызметкерлерге берілген төлемдер сомасы 8 млрд теңгені құрады.

- 2021 жылдың қаңтар-ақпан айлары бойынша жедел жәрдем қызметкерлеріне барлық төлемдер берілді. Бізге ұйымнан әлі наурыз айына өтініштер түскен жоқ, бақылау және есептеулер жүргізілуде. Төлемдер бойынша комиссияға өтініш бірден түскен кейін қаражат операторы ретінде әлеуметтік сақтандыру қорының филиалы хатаммаға сәйкес тиісті төлемдерді жүзеге асырады. Ай сайын біз 10-на дейін төлем жасаймыз. Төлемдерді кешіктірген емеспіз және дәл қазір ешқандай қарыз жоқ, - деді Ғалымжан Әбілов. 

Айта кетейік, бүгін түстен кейін Әлеуметтік сақтандыру қорының филиалы медицина қызметкерлеріне 2020 жылдың және 2021 жылдың бірінші тоқсанында қанша жұмысшыға, қанша жедел жәрдем бригадасына қанша сомада қаражат аударғаны туралы барлық есептерді ұсынатын болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу