KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.38 531.63 5.27

Глубокое кенті сапалы интернетке қосылды (видео)

16.07.2024, 19:00 120 Анель Слямғазықызы

Бүгінде Глубокое кенті сапалы интернетпен қамтылуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Глубокое ауданының орталығында  он мыңнан астам тұрғын бар. Олар осы уақытқа дейін жылдамдығы төмен интернетті пайдаланып келді. Облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының ұсынысымен қазір кентте «Alma TV» операторы жұмыс бастады. Енді көп ұзамай жергілікті халық сапалы интернеттің игілігін көреді.

– Қазір Глубокое ауданында барлық мобильді оператор қолжетімді. Жоғары сапалы интернет желісін тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Тұрғындар көбінесе үйдегі интернет, яғни роутер, WI-FI-ға қатысты сұрақтар бойынша жүгінеді, – деді Глубокое кентінің әкімі Руслан Ақылбекұлы.

Аудан орталығының тұрғындары алдағы уақытта сапалы интернетпен қатар 180 үздік республикалық және шетелдік телеарналарды тегін тамашалауға мүмкіндік алады.

– Қазақстан бойынша 16 филиалымыз бар. Шығыс Қазақстан облысындағы әрбір қалаға интернет орнатамыз. Ғаламтордың жылдамдығы – 50 Мбит/с.Шығыс өңірінде сұраныс жоғары екенін атап өткім келеді, - дейді «AlmaTel Қазақстан» АҚ Өскемен қаласындағы филиалының директоры Малик Абдолдин.

Глубокое кентінде 2786 пәтерге «Alma TV» ғаламтор желісі орнатылды.

– Бүгінде «Alma TV» интернет желісінің өрісі кеңейді. Сапасы өте жоғары, бағасы халыққа қол жетімді.  Егер сапасы нашар болса, халық тарапынан мұндай сұраныс болмас еді, - дейді Глубокое кентінің тұрғыны Назира Советханқызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив