Жайлы мектеп: Өңірде құрылыс қарқыны қалай?
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Глубокое ауданындағы Опытное поле және Белоусовка ауылдарында салынып жатқан үш жүз орындық мектептің құрылысымен танысты. Облыс әкімі Президенттің конститутциялық өкілі ретінде нысанда атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жаңа білім мекемелері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқанын айта кету керек. Жобаны іске асыру міндеті "Samruk-Kazyna Construction" АҚ-қа жүктелген. Бүгінде нысандардың қабырғалары тұрғызылып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Мердігер ұйым құрылыс жұмыстарын жылдың соңына қарай толық аяқтауды жоспарлап отыр.
Облыс әкімі құрылысқа қажетті материалдарды шеттен тасымалдамай, уақытты үнемдеу үшін өңірде шығарылатын жабдықтарды пайдаланудың тиімді екенін айтып өтті. Сондай-ақ аймақ басшысы құрылыс барысындағы олқы тұстарды атап көрсетіп, жұмыс қарқыны көңіл көншітпейтінін де жеткізді.
Өз кезегінде облыс әкімі Президенттің тапсырмасы бойынша, жергілікті тұрғындар үшін маңызы зор нысанның құрылысы уақытылы және нық орындалуы тиіс екенін түртіп айтты.