KZ
Өскемен
+30°
ясно жел 6 м/с, ОШ
514.94 583.74 6.13

«Жайлы мектеп»: Глубокое ауданында жаңа білім ордасының құрылысы басталды

13.06.2024, 21:03 178

Глубокое ауданына қарасты Опытное поле ауылында 300 орындық жаңа мектеп құрылысы басталды.

Жаңа білім ордасы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Облыстық құрылыс , сәулет және қала құрылысы басқармасының хабарлауынша, қазір онда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған.

– Мердігер ұйым қазба жұмыстарын жүргізіп, іргетасын дайындады. Қазіргі уақытта жұмысшылар ғимараттың қабырғасын тұрғызуға кірісті, - делінген хабарламада.

ШҚО-да «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 10 мектеп салу жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу