KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

10 жылдың мәселесі 15 күнде шешілді - Аягөз

7.12.2020, 10:52 116

Баспана басты байлық. Бұл бұрын да солай болған, қазір де солай. Отбасыңмен өсіп өркендеп жатқан ыстық ұя, қара шаңырағыңның қасиеті мен киесі туралы көп айтуға болады.


Төбесіне қалқан болған баспанасының құжаттарын он жыл бойы туралай алмай жүгірген Ақши ауылының тұрғыны, алты баланың анасы Түсіпжанова Арай жақында барлық құжаттарын реттеп біткені туралы жақсы жаңалық естідік.


Арайдың өзі: «Мен алты баланың анасымын. Жолдасым Ақши ауылдық әкімшілігінде күзетші. 2010 жылы өмірге келген егіз қызымның біреуінің мүмкіндігі шектеулі. Отбасылық жағдай, бауыр еті баламның мәселелерімен жүріп үйіміздің құжаттарын уақытында жасай алмадық. Кішкентай балалардан шыға алмай одан қалды аурухана екі арада ем алып жүргенде он жыл өте шықты. Негізі мәселеге байланысты біраз басшыларға барып шешілу жолын сұрағаныммен түрлі жағдайларға байланысты оңтайлы шешіліп кете қойған жоқ. Жай-күйімді облыс әкімі Даниял Кенжетайұлының алдында көтердім. Аймақ басшысы аудан әкімі Сеилбек Абұйырұлына тапсырды. Аудан әкімінің тікелей қадағалауымен қолға алынған мәселе міне шешімін тапты. Он жыл бойы біздің отбасының жүйкесіне салмақ түсіріп, не болар екен деп қатты уайымдатқан мәселеміз бас аяғы он бес күннің ішінде толық шешімін тапты.


Осы орайда ең бірінші жағдайымды көңіл қойып тыңдаған облыс әкіміне, тікелей басшылығына алып тез арада шешілуін қамтамасыз еткен аудан әкіміне алғысым зор. Сонымен қатар ауылымыздың әкімі жас та болса істің жөнін білетін, аз ғана уақыттың ішінде тұрғындардың ыстық ықыласына бөленген, барлық құжаттарым толық жасалып болғанша үлкен қызмет қылған, халыққа қызмет көрсету орталығындағы Меруертке рақметімді білдірсем деймін.


Сонымен қатар осы арада үнемі балаларымның денсаулығын қадағалап қолдарынан келген көмекті аямай жүрген аудандық орталық ауруханаға, бас дәрігер Омаров Шалқар Жүнісұлына, аудандық педиатр Темірғалиева Шакура Юсупхановнаға, ауылдық амбулатрия ұжымына да ерекше ықыласымды жеткізсем деймін.


Біздің ауыл өте берекелі ауыл. Бір-біріне деген құрметі шексіз. Қай уақытта да әр кім өздерінің қолдарынан келгенше қайырлы қайырымдылықтар жасауға ұмтылып тұрады. Қыстың көзі қырауда көмірдің орны ерекше ғой. Жақында жерлесіміз қайырымды азамат Жұмаханов Сайран ағамыз қолдауды қажет ететін көптеген отбасыларына көмірмен көмек көрсетті. Сол көмекті алғандардың қатарында біз де бармыз. Басқа да ауыл азаматтарына да жерлестеріне деген ізгілігі аясына көрсеткен қолдауларына Алла разы болсын.


Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, халқымызға амандық, тұрғындарға зор денсаулық тілеймін. Отбасыларымызда бақытты ғұмыр кеше берейік» - дейді.


Балаларының үлкені он бес кенжесі жеті жасқа іліккен күміс алқалы көп балалы ананың жүрек жарды қуанышы осындай. Бір-біріне мүмкіндігінше қолдау жасауға ұмтылған азаматтардың жұмысына Алла береке берсін. Ауданымыздың әр бір тұрғындары бақуатты болып бақытты күн кешсін. Біздің басылым да жақсы күндерде жарқын жаңалықтармен сүйіншілей берейік.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив