KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Бүгін қазақтың "бұлбұлы" Бибігүл Төлегенова 94 жасқа толды

Ашық ақпарат көзінен

16.12.2023, 22:00 928 Назерке Каримова

Бүгін әнші, КСРО және Қазақстан халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова 94 жасқа толды. 

Бибігүл Төлегенова – 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Әкесі скрипкада ойнап, анасы ән салған жанұяда әрқашан әуезді әуен естілген. Бірақ, 1937 жылы әкесі Ахмет қамауға алынып, із-түзсіз жоғалып кетеді.

«Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, шаңырақтарыңызға амандық, төбемізде таза, ашық аспан, тыныштық, жан дүниемізде бүгінгі қардай қуаныш пен нұр болуын тілеймін. Тәуелсіздік күні - Қазақстан үшін өте үлкен мереке. Осы күні бәріміздің денсаулығымыз үшін тост көтерулеріңіз керек деп ойлаймын», - деді туған күн иесі.

Бибігүл Ахметқызы өзінің 70 жылдан аса шығармашылық жолында жүздеген опералық партияларды орындап, «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Бұл Шұғылада болған», «Тақиялы періште» фильмдерінде өзіндік бейнелер жасаған, ал аты аңызға айналған әншінің орындауындағы  «Бұлбұл» әні дүниежүзіндегі өнерсүйер қауымның есінен мәңгі ұмытылмас.

1958 жылы Москва қаласында қазақ өнерінің онкүндігінде әншілік биігінен көрініп, сол жолы Қазақ ССР халық артисі атанады. Әнші Ленин ордені мен Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1966), СССР халық артисі (1967).

Бүгінгі күнге дейін Бибігүл Төлегенова атындағы 11 халықаралық вокалдық байқау өткізіліп, ондаған өнерпаздың өркендеуіне серпін беріп, әлемдік аренаға жолдама берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив