KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
495.95 524.37 4.98

Өскеменде психолог 9-қабаттан секірмек болған жігітті өлімнен алып қалды

7.04.2020, 10:31 140

6 сәуір күні 112 нөміріне жедел хабар түсті: «1992 жылғы азамат 9-қабаттан секіріп кетпекші».

«Оқиға орынына жеткен төтенше жағдай қызметкерлері жерге жедел түрде арнайы матрас жайды», – делінген Төтенше жағдай департаментінің ақпаратында.

Әрмен қарай құтқарушы психолог, азаматтық қорғаныс қызметінің майоры Олеся Мухина секірмек болған азаматпен сөйлеседі.

«Үйде оның әйелі және бес бірдей бала болды. Есік іштен жабылған, оны ашуға күйеуі рұқсат бермеді. Секіретінін айтып қорқытты. Оның үстіне секірмек болған азамат мас болған», – делінген ақпаратта.

Психолог есіктің аузында тұрып азаматпен екі сағат сөйлескен, ақыры үйдің ішіне кіруге мұрсат алған. Артынан оны медицина және полиция қызметкерлерін кіргізуге көндіреді.

Ақпаратқа сенсек, қазір үйдегі адамдардың психологиялық жағдайы дұрыс. Қауіп артта қалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу