ШҚО-да жас жігіт суға кетті
Қайғылы оқиға 10 шілдеде Винное ауылындағы котловандарда болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бір топ жас жігіттер мен қыздар жағалауда демалып жатқан екен. Куәгерлердің айтуынша, олар ішімдік ішкен. Жігіттердің бірі суға түсіп жүреді. Біраз уақыттан кейін жағадан ұзап кеткен ол су бетінен жоғалып кеткен екен.
- Анықталғандай, жанындағы танысы суда жүзе алмайтын болғандықтан құтқара алмапты. Жігітке жіп лақтырған екен, алайда оны ұстай алмай, суға кетті, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз