Өскеменде ер адам газдан уланып қалған
Өскеменде улы газдан уланып қалған 1961 жылғы ер адам ауруханаға жеткізілді.
Ер адам 23 қаңтар күні пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйде уланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ТЖД қызметкерлері пеште көптеген жарықтар болғанын анықтаған.
- Ер адам қазір ауруханада, орташа дәрежеде. Үй иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 410-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды (техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау), - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.