ШҚО-да ішімдік ішіп, көлік тізгіндейтін әйелдер саны артқан
Фото: aktobeinfo.kz
ШҚО-да ішімдік ішіп, көлік тізгіндейтін әйелдер саны жыл сайын артып келеді. Аталған факті өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 2 есе артқан.
Бұл туралы ШҚО сотының төрағасы Манат Көміршіновтің және алқа төрағаларының қатысумен 2023 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған сот төрелігінің сапасы бойынша өткен баспасөз-конференциясында белгілі болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
— ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруы) өткен жылдың 6 айында барлығы 19 әйел тіркелсе, ағымдағы жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 37-ге өскен. Негізінен, қоғамда әйел адамдарға тәртіп пен қауіпсіздікті ерекше сақтайтын жандар ретінде қарайтын болсақ, біздің статистикада керісінше, - дейді ШҚО сотының судьясы Ирина Дорош.
Сондай-ақ спикерлер 1 қыркүйектен бастап кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың құзыреті кеңейетінін де атап өтті.
Оқи отырыңыз