Ірі қара мал қамалған қора өртеніп кетті - Өскемен
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
9 қазан күні облыс орталығындағы Адольф Янушкевич көшесінде өрт шықты. Шаруа қожалықтарының бірінде ірі қара мал қамалған қораның төбесі өртеніп кеткен.
Шаруа қожалығының қызметкерлері түтін басқан аймақтан 48 ірі қара мал басын шығар үлгерген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер бірден қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті.
- Шатырды ашу үшін арнайы құралдардың көмегі керек болған. Осылайша құтқарушылар 250 шаршы метрге тараған өртті сөндірді. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 31 адамы және 8 бірлік техника жұмылдырылды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз