KZ
Өскемен
-7°
снег жел 2 м/с, В
519.28 540.05 5.31

Отбасының мазасын қашырған 135 шығысқазақстандық жауапқа тартылды

Фото: azh.kz

15.11.2023, 11:02 161 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды. Онда басты назарға - жанжалқойлар, маскүнемдер, тұрмысы қолайсыз отбасылар және «есепте тұрған» басқа да санаттар алынған.

Тәртіп сақшылары шара аясында отбасылық-тұрмыстық қатынастарға қатысты 374 құқық бұзушылықты анықтады. Өңір бойынша 4 күн ішінде 120 отбасылық дебоширге қарсы қорғау ұйғарымдары шығарылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Отбасылық -тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін 135 тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 9 қараша күні таңертең Шемонаиха аудандық полиция бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, күйеуінің үйде жанжал шығарып, оны балағаттағанын жеткізген. Құқық бұзушыға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды.  Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ер адамның үйінде заңсыз қару сақтайтынын анықтап, тәркіледі, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ал, кәмелетке толмаған жасөсірімдерді немесе балаларды тәрбиелеу, білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін облыстың 26 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- 26 қолайсыз отбасы есепке қойылдып, 1 отбасы ата-ана құқығынан айыру үшін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға материалы жолданды.  Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған тұрмысы нашар отбасылар полицейлердің қатаң бақылауында болады, - делінген ведмоство ақпаратында.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу