Көпқабатты үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды – Өскемен
Фото: matritca.kz
Өскеменде көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылды.
Оқиға 13 желтоқсан күні болған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Тимирязев көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында қимылсыз жатқан ер адамды жергілікті тұрғындар байқап, бірден полиция қызметкерлеріне хабар берген.
- Үлбі полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Аталған оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз