KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 9 м/с, ОШ
516.85 537.68 5.26

Қазақстанда АЭС құрылысы: Премьер-министр мәлімдеме жасады

Фото: depositphotos.com

28.01.2025, 12:12 234 Төлеуғазы Жансая

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша келісімдер жақын арада жасалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

– Алдағы уақытта Алматы облысында алғашқы атом электр станциясының құрылысына қажетті келісімдер жасалады. Сонымен қатар, екінші атом электр станциясын салу үшін аймақтарды зерттеу жұмыстары аяқталып келеді, – деді Премьер-Министр.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу мәселесін жеделдету қажет екенін атап өткен болатын.

– Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек. Мен Ana tili газетіне берген сұхбатымда екі үлкен станция салатынымызды айттым. Олардың саны тіпті үшеу болуы да мүмкін. Қазақстанды ядролық энергетикасы дамыған, жасанды интеллект қолданылатын, цифрландыру толық көлемде жүргізілген елге айналдыруымыз керек, – деді Президент.

2024 жылдың қараша айында Энергетика министрлігі АЭС құрылыс технологияларын жеткізушілермен келіссөздер бастағанын хабарлаған болатын.

Бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыста 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жасалып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады. Жиында Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірнеше өңірдің әкімдері баяндама жасайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу