Спорттық ұйымдар үшін спортшылардың жас санаты өзгерді
pixabay.com
Спорт резервін даярлайтын және жоғары білікті спортшыларды тәрбиелейтін спорт ұйымдарында спортшылардың жас санын реттейтін бұйрық өзгерді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Грек-рим күресі: жастар жасы 18-23-тен 18-20 жасқа, ересектер жасы 23-тен 21 жасқа дейін төмендеді;
Дзюдо: жасөспірім шақ жасы 12-18-ден 13-17 жасқа, жасөспірімдер жасы 18-21-ден 18-20 жасқа, жастар жасы 21-23-тен 21-22 жасқа дейін төмендеді;
Шорт-трек: балалар жасы 7-10-нан 5-7 жасқа дейін, жасөспірімдер жасы 11-15-тен 8-15 жасқа дейін қысқарды.
Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, ерекше жандарға арналған мамандандырылған мектептерде оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін жас шектеулері алынып тасталды.