Катонқарағайда фототұзақ сілеусінді түсірді
Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақ сирек кездесетін сілеусінді түсірді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сілеусін – еліміздің таулы аймақтарында мекендейтін ерекше жыртқыштардың бірі. Бұған дейін осы фототұзақ тау шыңдарының патшасы саналатын қар барысын да түсірген еді.
Екі сирек кездесетін жыртқыштың бір аймақта тіркелуі жабайы табиғаттың ерекше әлемін көрсетіп қана қоймай, оны қорғаудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдейді.
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Оқи отырыңыз