KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 6 м/с, В
516.85 537.68 5.26

Мемлекет басшысы тұрғын үй мәселесі бойынша маңызды тапсырма берді

pixabay.com

28.01.2025, 15:00 245 Төлеуғазы Жансая

Президент тұрғын үй мәселесін шешуге қатысты маңызды тапсырма жүктеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тұрғын үй қорын басқаруды түбегейлі реформалаудың қажет екенін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. 

- Тағы бір басым міндет – тұрғын үй қорын басқару жүйесін толық реформалау. Қала құрылысы жоспарынан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық үдерісті цифрлық форматқа ауыстыру қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы бірыңғай ақпарат жүйесін жыл соңына дейін әзірлеу керек екенін айтты.

-Біз былтыр тұрғын үй құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік (19 млн. шаршы метр). Бұл – өте жақсы. Бірақ тұрғын үйдің санына емес, сапасына және оның қолжетімді болуына баса назар аударған жөн,- деді Президент.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу