Михаил Литвин жазғы Универсиаданың күміс медалін жеңіп алды
Шығысқазақстандық «Altay Athletics» жеңіл атлетика клубының мүшесі Михаил Литвин Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік жазғы Универсиаданың жүлдегері атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
400 метрге жүгіру сайысына қатысқан спортшымыз алдына тек мексикалық Валенте Мендоса Фальконды (көрсеткіші 45,53 секунд) ғана жіберіп, доданың күміс жүлдесін жеңіп алды. Жерлесіміздің ақтық сындағы нәтижесі 48,77 секундқа тең болды. Бұл сайыстағы үздік үштікті 45,89 секунд көрсеткішімен оңтүстікафрикалық Гардео Эдвард Исакс түйіндеді.
Бұл дүниежүзілік студенттер ойындары аясында аталмыш қашықтықта қазақстандық атлет иеленген екінші жүлде болғанын айту керек. Оның біріншісін (ол да күміс) 2003 жылы Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өткен додада қазір облыстық денешынықтыру және спорт басқармасын басқарып отырған Денис Рыпаков жеңіп алған еді.