KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1,9 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Полторанин Альпі кубогының жеңімпазы атанды

10.02.2019, 12:03 226

Шаңғы жарысынан ұлттық құраманың беткеұстар мүшесі Алексей Полторанин Словенияның Планица қаласында өтіп жатқан Альпі кубогінде алтын медаль иеленді. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлайды.


Риддерлік ардагер спортшы 15 шақырымға классикалық әдіспен жүгіру сайысында топ жарды. Алексейдің көрсеткіші 36 минут 31 секундқа тең.


Полтораниннен кейін мәре сызығын екінші болып эстониялық Карел Таммъярв (37:17,9) қиса, үздік үштікті польшалық Доминик Буры (37:40,8) түйіндеді.


Жалпы аталмыш жарысқа 70-ке жуық спортшы қатысқанын айтқан жөн.


Естеріңізге салайық, Альпі кубогі жарысы FIS (Халықаралық шаңғы спорты федерациясы) ұйымдастыратын турнирлердің бірі болып табылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив