KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

«Торпедо» Тамбовта тағы ойсырай жеңілді

4.02.2019, 09:29 141


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 49-шы турында «Тамбовқа» қонаққа барған «Торпедо» 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл – торпедолықтардың соңғы бес ойындағы төртінші жеңілісі. Естеріңізге салайық, осының алдында өскемендік ұжым «Рязаньды» жеңіп, петерборлық қос мықты – «Динамо» мен «СКА-Неваға», сондай-ақ воронеждік «Буранға» жол берген болатын.


Ал «Тамбовпен» өткен ойынның тағдыры алғашқы екі кезеңде шешіліп қойды десек те болады. Соңғы үзіліс алдында торпедолықтар қорғаныста да, шабуылда да аса шебер ойнаған қарсыластарынан 0:2 есебімен ұтылып жатты. Үшінші жиырмаминуттықтың басында қақпаларына тағы бір шайба жіберіп алғаннан кейін өскемендік команданың жағдайы тіптен қиындап кетті. Қалған уақытта жерлестеріміз қанша тырысса, айдын иелерінің қақпасына тым болмағанда бір шайба дарытуға шамалары жетпеді.


Осы жеңілістен кейін қоржынында 52 ұпайы бар «Торпедо» турнир кестесінде бір сатыға төмендеді. Бүгін кешке жерлестеріміз қонақта «Саровпен» шеберлік байқасатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив