KZ
Өскемен
+28°
ясно жел 4 м/с, ОШ
439.43 473.31 4.82

Лондон жолдамасы сарапқа салынуда

6.04.2012, 18:00 226


Астананың «Дәулет» спорт кешенінде бокстан Азия аймағы бойынша Лондон Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын сайыс басталды. Байрақты бәсеке12-сәуірге дейін жалғасады. Сары құрлықтың үздік былғары қолғап шеберлері бас қосатын дүбірлі додада боксшылар он салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығады. Еліміздіңспортшылары бұл сайыста төрт салмақта өнер көрсетеді.

Лондон Олимпиадасының жолдамасы үшін шаршы алаңға шығатын еліміздің боксшылары наурыз айының соңында Астанада жаттығуларын бастаған болатын. Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов лицензиялық жарысқа төрт боксшы қосады. Бүгінде жолдама үшін сынға түсетін спортшыларымыздың есімдері белгілі. Астана рингінде 49 келі салмақта 2005 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы Біржан Жақып өнер көрсетеді. Осыдан төрт жыл бұрын Бейжің Олимпиадасына қатысқан Біржанның жолдама үшін таласатыны осы жылдың басында ғана белгілі болды. Оған дейін АИБА басшылары Астанада өтетін лицензиялық жарыста 49 келі салмақта Олимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынбайды деген шешімге келген. Өйткені, Бакуде өткен әлем біріншілігінде Азияның 49 келідегі 6 боксшысы жолдама алып қойған. Бірақ осы жылдың басында АИБА өз шешімдеріне өзгеріс енгізді. Онда олар Халықаралық олимпиада комитетімен келісе отырып, Азия аймағының 75 келі салмақтағы бір жолдамасын Еуропа аймағына беріп, Еуропадан 49 келі салмақтың бір жолдамасын Азияға қосты.

Астанада өтетін жарыста 52 келі салмақтағы боксшылар Лондон Олимпиадасының төрт жолдамасын сарапқа салады. Ілияс Сүлейменов жолдамаға қол жеткізу үшін кем дегенде жартылай финалға шығу керек. Бүгінде бұл салмақта Азия бо-йынша екі боксшы ғана Лондон-ға баратындардың тізімінде тұр. Олар Өзбекстан мен Тайланд елінің өкілдері. Жеңіл салмақта Қытай, Моңғолия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Филиппин мем-лекетінің боксшылары мықты екенін ескерсек, Ілиясқа артылар жүктің ауыр екені айтпаса да түсінікті.

2010 жылғы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Данияр Елеусінов елімізде 64 келі салмақтың көшбасшысы саналады. Әлем чемпионатында жолдама ала алмай қалған Данияр Астанада Лондонға берілетін төрт жолдаманың біріне
таласады. Әзірге 64 келі салмақта Азия аймағы бойынша екі боксшы Лондонға баратындардың қатарында. Олар – соңғы әлем біріншілігінде үздік сегіздікке кірген Үндістан мен Моңғолия елінің боксшылары. Азия құрлығы бойынша өзіне тең келер қарсылас таппай жүрген Данияр бауырымыздың жолдаманы жеңіп алатынына сеніміміз зор.


Қазақстан боксшылары арасынан төртінші жолдама үшін 91 келі салмақтағы Василий Левит ұрысқа шығады. Ақпан айының басында бұл турнирге Данияр Үстембаевтың қатысуы мүмкін екені айтылған. Өйткені, дәл сол кезде Левит жарақат алып, оның жазылу-жазылмауы екіталай болатын. Абырой болғанда, 2009 жылғы Азия чемпионы жарақатынан құлан-таза айығып, қатарға қосылды. Олимпиада ойындарына бұл салмақта 16 боксшы қатысатын болғандықтан, Азия аймағына 2 жолдама ғана бөлінген еді. Оның бірін былтырғы әлем біріншілігінде Қытай боксшысы өңгеріп кетті. Енді қалған бір жолдаманың иесі Астанада өтетін турнирде анықталады. Лондон Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізу үшін Василий Левитке өз салмағында міндетті түрде топ жару керек.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив