KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Шығысқазақстандық спортшы Әлем чемпионатында сенсация жасады

25.01.2019, 08:52 205


Сергей Ткаченко шаңғымен тұғырдан секіруден Финляндияның Лахти қаласында аяқталған Әлем біріншілігінде сенсация жасап, доданың қола жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


19 жастағы жерлесіміз жарыстың бірінші кезеңінде ешкім күтпеген нәтиже көрсетіп (96,5 метр), финалға бірінші орыннан шықты. Ал ақтық сында 94,5 метрге секірген шығысқазақстандық спортшы алдына тек Томас Маркенг (Норвегия) пен Лука Ротты (Германия) ғана жіберіп, үздік үштікті түйіндеді.


Финалдан кейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Павел Васильев Тчаченконың жетістігін тарихи жеңіс деп атады.


– Бүгін Тәуелсіз Қазақстан тарихында жастар арасындағы Әлем чемпионатының тұңғыш жүлдесіне ие болдық. Қуанышымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес, – деді құраманың бас бапкері.


Айта кетейік, биылғы додаға әлемнің 12 елінің мықтылары қатысқан-ды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив