KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

АҚШ-қа кеткен алты фристайлшымыз медальсыз қайтатын болды

21.01.2019, 04:01 176


1932 және 1980 жылдары Олимпиада ойындарының астанасы болған Лейк-Плэсидте (АҚШ) фристайлдың могул түрінен Әлем кубогының кезекті кезеңі өтті.


Аталған додаға ел құрамасы сапында алты бірдей шығысқазақстандық фристайлшы қатысты. Жерлестері әсіресе Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхердке ерекше үміт артқан болатын. Алайда, іріктеу сынында тамаша нәтиже көрсетіп, финалға бірінші орыннан шыққан Галышева жарыстың ақтық кезеңінде қателікке бой алдырып, 14-ші орынға бірақ сырғыды. Осы сәтсіздігінен кейін Юля жалпы есепте де бір сатыға төмендегенін айту керек. Пхенчхан Олимпиадасы қола жүлдегерінің қоржынында әзірге 308 ұпай бар. Көш басындағы Перрин Лаффоннан (Франция) өскемендік фристайлшы 92 ұпайға қалып тұр.


Тағы бір жерлесіміз Аяулым Әміренова бұл сында 35 орыннан көрінді.


Ал ерлер бәсекесінде ең үздік көрсеткішке Павел Колмаков ие болды. Финалдық сайыста 78,48 ұпай жинаған Павел жарысты жетінші болып аяқтады. Жалпы есепте 96 ұпайға ие өскемендік спортшы 12-ші орында тұр. Америка жеріндегі сында Шығыстың қалған үш өкілі Дмитрий Рейхерд, Сергей Романов пен Александр Геберт сәйкесінше 15-ші, 21-ші және 44-ші орындарды қанағат тұтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив