KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Өскемендік жас акробаттар жаңа залда жаттығады

9.01.2019, 11:17 345


Өскемендік жас акробаттардың өз жаттығу залы болады. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қазір жас спортшылар Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы №26 мектептің шағын спорт залында жаттығуға мәжбүр. Олардың арасында спорттық акробатикадан облыс пен ел құрамаларының мүшелері де бар.


Өскемендік жаттықтырушы Виолетта Калинцева жаңа нысанда жаттығатын атлеттердің спорттық нәтижелері де жақсара түсетініне сенімін білдірді.


– Бір ғана мысал келтірейін, спортшы секірмес бұрын кемі 40 метрдей жүгіріп өтуі тиіс. Ал біз бүгінде жаттығу жасап жүрген залдағы жүгіру жолағының ұзындығы бұдан анағұрлым қысқа. Бұл өз кезегінде спорттық нәтижелердің төмен болуына әсер етеді, – дейді маман.


Аталмыш пробемамен танысқан қала басшылығы жас акробаттар жақын арада жаңа жаттығу залына ие болатынына сендірді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив