KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Шаһардағы СПОРТ ҒИМАРАТТАРЫН қалай пайдаланып жүрміз?

23.02.2012, 18:00 212


Соңғы кездері Шығыста бұқаралық спорт кенжелеп қалды деген пікірлер жиі айтылып жүр. Бұрын салынғаны бар, жаңадан салынғаны бар, сол спорт ғимараттары өз деңгейінде пайдаланылмайды дейді. Көбіне бос тұрады, халық келмейді дейді. Осы мәселенің анық-қанығына көз жеткізбек ниетпен қаладағы бірнеше спорт ғимаратын аралағанбыз.

Қарапайым халық спортпен қараңғы
түсе шұғылданады

Әуелі Стаханов көшесіндегі «Өскемен» денешынықтыру және сауықтыру кешеніне келгенбіз. Директоры қарсы алды. Сөзге тарттық. Кешен директоры Василий Самойловтың айтуынша, мұнда күніне 600-ден астам адам келіп, жаттығу жиындарына қатысады екен. Сөз ауанынан байқағанымыз, кешеннің залдары көбіне күндізгі уақытта босамайтын секілді. Өйткені мұндағы залдарда алдын ала жоспарланған әртүрлі спорт жарыстары мен спорт мектептерінің дайындық жиындары күн са-йын таңертеңнен кешке дейін жүйелі түрде өткізіліп тұратын көрінеді. Сондықтан қарапайым қала тұрғындарының спортпен шұғылдануларына түнгі уақыттарда ғана мүмкіндік беріледі екен. Бір сауал туындайды осы тұста. Спорт мектептерінің жиындары неге сол мектептердің өзінде өтпейді? Әлде ғимарат жоқ па? Егер шаһардағы саусақпен санарлық спорт ғимараттарының бірі әртүрлі жарыс өткізу мен спорт мектептерінің жиынынан босамаса, бұдан кейін бұқаралық спорттың дамуы жайлы не айтуға болады?
«Шығыс машина жасау зауыты» акционерлік қоғамының денешынықтыру-сауықтыру кешеніндегі спортзалында футбол мектебінің командалары жаттығуға әзірленіп жатыр екен біз барғанда. №36 мектептің 10-сынып оқушысы, жас футболшы Қуаныш Қайырбеков өз құрбыларымен бірге аптасына төрт рет бір жарым сағаттан жаттығу жиындарын осында өткізетінін айтты.
Кешен директоры Павел Салийдің айтуынша, мұнда залды бір сағатқа жалға беру бағасы 3500 теңге тұрады. Бұл кешен таңғы сағат сегізден, түнгі сағат 22-ге дейін жұмыс істейді. Осы мерзім аралығында зал бір минутқа да бос тұрмайды, өйткені мұнда күнделікті уақыттың 75 пайызын балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің командалары алып, жаттығады екен. Қалған уақытта зауыттың өз жұмысшылары мен ком-мерциялық топтар спортпен шұғылданады. Ал тренажер залында зауыттың жұмысшылары мен олардың балалары тегін жаттығады екен. Қарапайым халық сонда қайда барады? Қайда барып жаттығады олар? Бұқаралық спортты дамыту керек, спорт ғимараттары бос тұрмауы керек дейміз. Егер қарапайым халықтың спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін спорт ғимараттары жоқ болса (бар болса да, бос емес), бұған кім кінәлі? Қысқасы, бұл жерден де қысқы маусымда қаладағы қарапайым белсенді тұрғындардың бос уақыттарында командалық ойындарды жабық залда өткізу мүмкіндігінің тым шектеулі екенін аңғардық.

Сауықтыру кешені сауапты істерге ұйтқы

Ворошилов көшесіндегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінде жағдай басқаша секілді. Кешен директоры Нұржан Құрманғалиев былай дейді:
– Биылғы қаңтар айынан бастап облыстық жеткіншек-
тер үйіндегі 135 жасөспірімге біздің кешеннен аптасына үш рет бір жарым сағаттан уақыт бөліп отырмыз. Олар бассейнде, екі үлкен залда және тренажер залында тегін жаттығып жатыр. Сондай-ақ басқа мекемелерден де белгіленген уақыттары бойынша 30-40 баладан топталып келіп, спортпен айналысуда.
Тағы бір айта кетерлігі, кешеннің ұжымы облыстық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, дарын-
ды балалардың спортпен шұ-ғылданып, тегін жаттығуларына жағдай жасап жатқан көрінеді. Жалпы, бұл кешенде екі үлкен спортзалы, үстел теннисі, үлкен теннис алаңы, бассейн, тренажер залы бар.
Кешен басшылығы қазір-гі кезде облыстық білім бас-қармасымен бірлесіп, мек-
тептердегі оқу үлгерімі тө-мен, тәрбиесі қиын бала-лардың сабақтан тыс бос уа-қыттарын қызықты да көңілді әрі тиімді өткiзуі үшiн осы орталықта денешынықтырумен шұғылдануға тартып, спорттық-тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Теннис орталығында кімдер тер төгіп жүр?

Бұқараның спорт шұғыл-дануына әсер ететін бір жайт – баға мәселесі. Баға тиімді болса, неге шұғылданбасқа? Алайда қаладағы спорт ғимаратында баға әртүрлі. Мәселен, «Қаз-цинк» жауапкершілігі шектеу-
лі серіктестігіне қарасты теннис орталығын алайық. Егер сіз
теннис орталығына барып,
спорттың осы түрімен айналыс-қыңыз келсе, әжептәуір ақша жұмсауыңызға тура келеді. Жіктеп айтар болсақ, аптасына бірнеше рет бір сағаттық топ-тық ойын үшін абонементтік баға: балаларға – 9600 теңге, ал ересек адамдарға – 10500 теңге. Егер бір отбасынан үш адам осы орталыққа келіп, тенниспен тұрақты түрде шұ-ғылданатын болса... есептей беріңіз, өзіңіз. Сондықтан мұндай спорт кешендеріне екінің бірінің аяқ баспайтыны анық. Әсіресе, қарапайым халық. Алайда бұл мәселеге бас қатырып жүрген жанды көрмедік.
Бұл теннис орталығының күнделікті толымдылығы 70
пайызды құрайды екен. Жа-
сыратыны жоқ, мұнда келе-тіндердің дені қалталылар мен солардың отбасының мүшелері. Сосын «Қазцинктің» қызметкерлерінің балалары. Өзге жұрт бағасын көріп, басын тартумен келеді. Амал қанша, тенниспен шұғылдануға ынталы балалар мен жасөспірімдер қатары қалың болғанмен, залдың жалға беру бағасына байланысты өздері қалаған спорт түрімен айналысудан бас тартуға мәжбүр.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив