Жаңбыр жауып, күн суытуы мүмкін – ШҚО
"Қазгидромет" РМК 11-13 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Алдағы күндері ШҚО-да жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Кей аймақтарда бұршақ жаууы да ықтимал. Ал елдің шығысында 13 мамыр күні қатты жаңбыр жауады деп болжануда, дейді синоптиктер.
Жалпы, республика бойынша ауа температурасы төмендеп, күн суытады.
Түнгі уақытта минус 2 градусқа дейін аяз болуы да мүмкін.
Оқи отырыңыз