ШҚО-да көшкін қаупі әлі де сақталады
Фото: stan.kz
ШҚО-ның таулы аймақтарында 16-18 қаңтар күндері көшкін жүру қаупі бар.
ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, ескерту жарияланған күндері таулы аймақтарға бармаған жөн, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
- Қазір облыста күн райы тұрақсыз. Қалың қар мен жел екпінінің күшеюі салдарынан алдағы үш күнде облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар, - дейді «Қазселденқорғау» ММ ШҚ филиалы.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі тұрғындарға барынша абай болып, тауға шығудан бас тарту керектігін ескертеді.
Егер қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз «112» нөміріне хабар беріңіз.
Оқи отырыңыз