KZ
Өскемен
-22°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
522.42 543.89 5.28

ШҚО-да қайта аяз түседі

Фото: smartik.ru

14.02.2024, 10:32 251 Ләззат Қанатқызы

Шығыс өңірінде апта соңында қайта аяз түседі.

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпаратына сүйенсек, 15-16 ақпан күндері облыста ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- ШҚО-да күн райы -5...-10 градустан -27...-35 градусқа дейін, облыстың оңтүстігінде -18...- 23 градусқа дейін күрт төмендейді, - дейді синоптиктер.

ШҚО ТЖД құтқарушылары азаматтарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, алыс жолдарға шықпауға кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін өңірде бұрқасын жел соғып, жолдардың жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу