Мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды – ШҚО
ШҚО-да жайылып жүрген жылқыларды атып алып, тушаны бөлшектеп, қалаға әкеліп сатпақ болғандар ұсталды.
Полиция қызметкерлері «Шешек» асуын патрульдеу барысында шамадан тыс жүк тиеген көлікті тоқтатқан. Күршім ауданының 29 жастағы тұрғыны тізгіндеген автокөлікте жүргіушімен қатар 2 жолаушы болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Көлікті тексеру барысында тәртіп сақшылары бөлшектелген жануардың тушасын және көліктің маңынан мылтық тапқан.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның барысында қылмыстық топ бұрын Ұлан ауданының аумағында мал ұрлығымен айналысқаны анықталды. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жалғасуда.
Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.