Спиртті заңсыз жеткізумен айналысқандар ұсталды – Өскемен
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Облыс орталығында аса ірі көлемдегі спиртті заңсыз жеткізумен айналысқан топ ұсталды.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ШҚО аумағында және одан тыс жерлерде спиртті аса ірі мөлшерде заңсыз жеткізумен және оны сатумен айналысатын адамдар тобына қатысты жедел ақпарат алған, деп хабарлайды Altyanews тілшісі.
Ақпарат тексеру барысында расталған, қала көшелерінің біріндегі өндірістік үй-жайда полиция қызметкерлері 1994, 1999 және 1994 жылы туған үш ер адамды қолға түсірді.
Әрі қарай жедел іс-шараларды өткізу барысында қаладағы ЖҚС-ның бірінің тұрағында "Volvo" маркалы жүк машинасы табылды, аталған көлікпен көрсетілген өндірістік базаның аумағына спиртті жеткізу жүзеге асырылған.
Автокөлікті тексеру барысында көлемі 1000 литр болатын тағы 11 пластик ыдыс табылып, тәркіленді, оның 7-уінде ерекше иісі бар мөлдір түсті зат болған және 4-уі бос болған.
Алынған спирттің жалпы көлемі - 11000 литр.
Аталған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалып, ҚР ҚК-нің 214-бабы 1-бөлігі "заңсыз кәсіпкерлік" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.