Land Cruiser көлігін заңсыз иемденіп алған тұрғын ұсталды – Өскемен
Фото: aqjolgazet.kz
Облыс орталығында масаң күйде бөгде біреудің көлігін айдап кеткен тұрғын ұсталды.
Өскемен қалалық Ертіс полиция бөлімшесіне қала тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, бейтаныс адам үйінің жанында тұрған Toyota Land Cruiser көлігін заңсыз иемденіп, 3 200 000 теңге көлемінде шығын келтірген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер 32 жастағы ер адамды қолға түсірді. Тексеру барысында оның рульде орташа дәрежелі масаң күйде болғаны және жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары көлікті заңды иесіне қайтарды.
Күдіктіге қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі және 346-бабы 1-бөлігі бойынша тергелуде.
Оқи отырыңыз