KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Өскемен тұрғыны есірткімен ұсталды

Фото: gtrkkursk.ru

13.12.2023, 18:15 86 Айна Ескенқызы

ШҚО полицейлері 33 жастағы жігіттен есірткі заттарын тапты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Тәртіп сақшылары Жібек Жолы көшесін  патрульдеу кезінде "Тойота Карина Е" маркалы автокөлігін тоқтатады, оның салонында 33 жастағы жолаушы отырған.

- Ер адамды тексеру кезінде оның жеке заттарынан есірткі заты табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 1362,09 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Қазіргі уақытта ер адамға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296 - бабы 4-бөлігі - есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив