Глубокое ауданының екі округінде жаңа әкімдер сайланды – ШҚО
Глубокое кентінің әкімі болып Руслан Асанов, ал Секисовка ауылдық округінің әкімі лауазымына Елена Власкина сайланды, деп хабарлайды Altainews.kz.
2025 жылғы 2 қараша күні Глубокое ауданының екі округінде әкім сайлауы өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Глубокое кентінің әкімі лауазымына Руслан Ақылбекұлы Асанов, ал Секисовка ауылдық округінің әкімі болып Елена Геннадьевна Власкина сайланды.
Аудан әкімі Эльдар Тумашинов тұрғындармен кездесіп, жаңа сайланған әкімдерді ресми түрде таныстырды.
Айта кету керек, 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет аудан әкімдерінің сайлауы өткен болатын. Сол тарихи оқиғаға 45 пилоттық өңірдің қатарында Глубокое ауданы да қатысқан еді.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жанна Садықанова бұл үрдісті еліміздің демократиялық дамуының маңызды кезеңі деп бағалады.
Ал Мәжіліс депутаты Марат Башимов өз пікірінде бұл сайлаулардың жергілікті мемлекеттік басқару жүйесіндегі институционалдық реформалардың маңызын айқындайтынын атап өтті.
Елизавета Седых

