Тәуелсіздігіміздің шаңырағы шайқалмасын - Түсіпхан Түсіпбеков

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ облыстық филиалының төрағасы, қоғам қайраткері Түсіпхан Түсіпбеков:
- Алматы қаласында қаңтар оқиғасының құрбандарына «Тағзым» мемориалының ашылғанына өз басым қатты тебіреніп, басымды иемін. Ол күндері әскери адам да, жай азаматтар да, баласы бар, үлкені бар, екі жүзден астам адам мерт болды. Қаншама бейбіт адамдар, бейкүнә балалар қаза болды. Бір жыл өтті осы қайғылы оқиғадан бері, қаңтар қырғыны әлі күнге дейін толық зеттелген жоқ. Зерттеліп жатқан да шығар, бәлкім, бірақ ашықтық, жариялылық жоқ. Көптеген жағдайлар елге түсініксіз күйінде қалып отыр. Тәуелсіздігіміздің тұғырын шайқалтқысы келген шын қылмыскерлер анықталып, әділ жазасын алу керек. Шен-шекпеніне қарамай, Отанымызға жасаған опасыздығы үшін қатаң жазаға тартылсын. Ұрпағымыздың жарқын келешегі үшін осы істің түйінін шешу бәрімізге сын. Болашақта Тәуелсіздігіміздің шаңырағы шайқалмасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Оқи отырыңыз