KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, С
502.47 525.83 5.68

Халықаралық ғылыми байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйақы берілмек

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бүгін, 16:15 66 Төлеуғазы Жансая

Халықаралық ғылыми байқауларда жүлде алған оқушыларға біржолғы ақшалай сыйақы тағайындалды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, бұл мәселені шешу үшін бірнеше жыл бойы түрлі ұсыныстар жасалып, Парламентте тиісті түзетулер әзірленіп, Үкіметке бірнеше рет ұсыныс жолданған.

- Мәселелерді кезең-кезеңімен шешу – ең тиімді әдістердің бірі. Кейде бір мәселені шешу үшін ұсыныс жасайсың, бірақ ол бірден қолдау таппауы мүмкін. Осындай сәттерде кейбір адамдар беті қайтып, бастамасынан бас тартады. Алайда мәселені қайта-қайта көтеріп, біртіндеп ілгерілетсең, түптің түбінде оны толық шешу мүмкіндігі пайда болады. Мысалы, халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздарына университетке түсу үшін грант беру және біржолғы ақшалай сыйақы тағайындау мәселесін біз екі жыл бойы көтердік. Тіпті, ашығын айтқанда, министр болған кезімде тек халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары ғана емес, ғылыми жобалардың да жеңімпаздары осы бұйрық жобасына енгізілген еді. Бірақ Қаржы министрлігі қаражат жетпейді деп қолдамай, сол бұйрықпен тек олимпиада жеңімпаздары қамтылған-ды, - деп атап өтті депутат.

Бұған дейін ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарына ҰБТ тапсырмай-ақ грант беру шешімі қабылданған болатын. Енді оқушылармен қатар оларды дайындаған педагогтар да ақшалай сыйақы алады. Құжат Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын болмақ.

- Алғашқы талпыныстарда қолдау таба алмадық. Одан кейін ұсынысымыз жартылай шешілді: грант бөлу мәселесі мақұлданып, жуырда қабылданған заңға сәйкес, халықаралық ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары енді ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа ие бола алады. Бірақ ақшалай сыйақы жағы тағы қолдау таппады. Осыдан кейін біз ақшалай сыйақы мәселесін қайта-қайта көтердік. Нәтижесінде, міне, ол да шешімін тапты. Біздің комитеттің отырысында халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтарға біржолғы ақшалай сыйақы беру туралы түзетулер қабылданды. Енді жалпы отырысқа шығарылады, - деді Асхат Қанатұлы.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу