KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,5 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Тарбағатайда «Аяулы жас келін» байқауы өтті

25.04.2023, 15:45 531 Ләззат Қанатқызы

21 сәуір күні Тарбағатай ауданында «Аяулы жас келін» атты аудандық келіндер сайысы өтті.

Сайысқа отбасының алтын қазығын, ағайын-туыстың ауызбірлігі мен татулығын сақтаған, ауыл-аймаққа сыйлы, алтын асықтай ұл мен қыз тәрбиелеп отырған 11 жас келін қатысып, бақ сынасты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кейінгі ұрпаққа халқымыздың озық салт-дәстүрлерін дәріптеп, қазақ келіндерінің әдебі мен ибасын, сән-салтанатын насихаттау мақсатында өткізілген байқауда келіндер шыққан тегі мен түскен шаңырағын таныстырып, өнер сайысында өз өнерлерін көрсетті. Ұмыт бола бастаған қазақтың ежелгі тағамдарын да қайта жаңғыртып, қазылар алқасына ұсынды.

Байқау нәтижесі бойынша, 11 қатысушы арасынан суырылып алға шыққан Жетіарал ауылының келіні Назерке Бақытханқызы «Аяулы жас келін» номинациясымен марапатталып, облыстық келіндер байқауына жолдама алды.

Маңырақ ауылының келіні Тоғжан Айдынқызы 1-орынға ие болса, 2-орынды Тұғыл ауылының келіні Альбина Нұрланова, ал жүлделі 3-орынды Құйған ауылының келіні Ақниет Қаныбекқызы иеленді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив