KZ
Өскемен
-25°
туман Штиль
514.93 536.04 5.18

Семейде жүкті әйел тоқтап қалған лифт ішінде босанды

Фото: stroiteh-msk.ru

15.09.2023, 15:09 168 Ләззат Қанатқызы

Семей қаласындағы медициналық мекемелердің бірінде әйел адам тоқтап қалған лифт ішінде босанды.

Оқиға 3 қыркүйек күні облыстық перинаталдық орталықтың №1 ғимаратында болған, деп хаарлайды Altaynews тілшісі Қазқапаратқа сілтеме жасап.

- Жүкті әйелдерді акушердің сүйемелдеуімен жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінен перзентханаға ауыстыру кезінде осындай жағдай болды. 2-ден 4-ші қабатқа көтеріліп келе жатқан лифт кенет тоқтап қалған. Шұғыл түрде қызмет көрсететін ұйымнан лифтші шақырылды, ол келіп, бірден лифтті жөндеуге кірісті, - дейді Архат Құдайбердіұлы.

Лифт ішінде толғағы келген жүкті әйел және перинаталдық орталықтың тәжірибелі акушеркасы болған. Акушеркаға әйелді лифтте босандырып алуға тура келді. Салмағы 3460 грамм ұл бала асқынусыз дүниеге келген.

Әйел адам екінші күні нәрестесімен қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды. Оның перинаталдық орталыққа ешқандай шағымы жоқ. Лифттің аяқ асты тоқтап қалуы алғаш рет емес көрінеді. Биыл орталыққа Парламент Мәжілісінің депутаты келген кезде де лифт істемей қалыпты.

- №1 ғимараттың лифті 1988 жылы пайдалануға беріліп, жыл сайын тексеріліп тұрады. Осындағы 2 лифтті ауыстыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Жобаға қаржы бекітіліп, биылғы жылдың 20 қазанында тиісті жұмыстар басталуы тиіс, - дейді бас дәрігер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу