KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Зайсанның жастары жалғызбасты қарттың ауласындағы қарды күреп берді

23.02.2024, 15:17 110 Қызырбек Дүргінбайұлы

Қоғамда қайырымды жандардың қатары көп. Ел ішінде қандай жағдай болмасын қайырымды жандар бірінші болып қол үшін береді. Сондай-ақ волонтер жастар да қайырымдылық жасауды үрдіске айналдырған.

Биыл облысымыздың барлық өңірінде қалың қар жауып, халықты әбігерге салды. Осы орайда жастар жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіп, ауласының қарын күреп беріп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мысалы, Зайсан қаласының жастары «Шын жүректен» акциясы аясында жалғызбасты қарттың ауласындағы қарды күреп берді.

– Жастар ресурстық орталығының мамандары, еріктілер және волонтерлар жалғызбасты қарттардың ауласын қардан тазартып берді, – деп жазды Зайсан жастары өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив