KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласында төтенше жағдай жарияланды

instagram/zhambyl.gov.kz
instagram/zhambyl.gov.kz
8.07.2024, 22:00 142 Назерке Каримова

Жауын-шашын салдарынан Жаңатас қаласында 400 астам нысан мен 47 үй су астында қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстарға барлығы ТЖД баспасөз қызметі қазіргі таңда 300 аулада су сору жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Оқиға орнында 280 адам, 67 техника, 39 мотопомпа мен пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Полиция департаментінің 137 қызметкері мен 32 бірлік техникасы тартылды.

Жексенбі, 7 шілде күні Сарысу ауданы Жаңатас қаласында қатты жауын-шашын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, бірқатар көшелердегі 400-ден астам үйдің ауласы мен 47 үйдің ішін су алды.

Шығынды есептеу, қосымша нақтылау шаралары жалғасуда.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жедел штаб отырысында орын алған жағдайдың қайталанбауы үшін себебін зерделеу бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

– Арнайы комиссия құрылып, тұрғындарға, зардап шеккен нысандарға заң талаптарына сәйкес барлық қажетті көмек, қолдаулар көрсетіледі. Біз бұл қиындықты да бірге еңсереміз, – деген өңір басшысы аталған жағдай жеке бақылауында болатынын баса айтты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив