KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
501.31 520.11 5.33

ШҚО-да «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша неше үй салынып жатыр?

25.09.2020, 10:46 119


Шығыс Қазақстанда «Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы бойынша алты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды.

Мәселен, Өскеменде 64 пәтерлі төрт үй мен 72 пәтерлі бір тұрғын үй бой көтеруде. Сонымен қатар, Ұлан ауданында 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жүргізілуде. Бұл нысан ағымдағы жылдың қараша айында қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Ал облыс орталығындағы үйлерге 2021 жылы қоныстануға болады.

Тағы бір айта кетерлігі, әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйлердің бір шаршы метрі өңір тұрғындары үшін 160 мың теңгені құрамақ. Біздің аймақта аталмыш бағдарлама бойынша бой көтерген баспананың бағасы 12 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Әкімдік кезегінде тұрған азаматтар оған қатысуға өтініш білдіру үшін hcsbk.kz сайтына тіркелуі қажет. Өтініштерді қабылдау мерзімі 17 қыркүйек пен 16 қазан аралығында жалғасады. Егер сайт арқылы өтініш беру қиындық туғызған жағдайда немесе басқа да сұрақтар мазаласа, банк бөлімшесіне баруға болады. Сондай-ақ, банктің кеңесшімен де хабарласуға болады.

Айта кетейік, «Шаңырақ «5-10-20» қанатқақты жобасы – «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыттарының бірі. Оның жылдық мөлшерлемесі бес пайызға тең. Тұрғын үй құнының алғашқы 10 пайызын жинау қажет. Несиелендіру мерзімі – 20 жыл.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу