KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Глубокоеде 160 пәтерлі екі тұрғын үй салынады

9.10.2020, 11:55 115

Глубокое кентінде құрылыс қарқынды. Жақында 60 пәтерлі тұрғын үй салынып біткен. Оның 15 пәтері көпбалалы аналарға бұйырмақ.

Қалғаны әкімдік кезегінде тұрған азаматтарға беріледі.

Аудан әкімдігінің ақпаратынша, қазір жеке кәсіпкерлердің есебінен екі пәтерлі 10 жер үй салынып жатыр. Олардың барлығы көпбалалы аналарға беріледі. Үйлердің ауданы – 100 шаршы метр.

Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дамир Ордахановтың айтуынша, келесі жылы кентте 60 пәтерлі және 100 пәтерлі екі тұрғын үй салынбақ.

– Қазір жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, сараптамадан өтті. Мемлекеттік бағдарлама арқылы салынып жатқан үйлер 2021 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр, – дейді бөлім басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив