ШҚО тұрғыны асыл тұқымды малды ұрлап кеткен
![](/kz/uploads/posts/iblock/e80/e80e4630a3c0b316b124a77f01ce77d0.jpg)
Енді семейлік азамат енді ірі қара мал ұрлағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің бабы бойынша жазаға тартылады.
Қыркүйек айының басында Бесқарағай ауданының 102 арнасына аймақтағы шаруа қожалықтың басшысы жүгінді.
Ер адам ұрылар оның базасының аумағына кіріп, асыл тұқымды сиырды ұрлап кеткенін айтты. Шығын жарты миллионға жуық теңгені құрады. Тәртіп сақшылары кінәлі адамды анықтап, ұстады. Ол 25 жастағы жұмыссыз семейлік азамат болып шықты.
- Күдікті түнде қораға кіріп, сиырды алып кеткен. Жандос ауылының шетінде малды сойып, Семейдегі базарлардың бірінде етті сатқан. Сиырдың терісін орманда қалдырды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев. – Оған қатысты ҚР ҚК 188-1-бабы 3-бөлігі 2-тармағы "Мал ұрлығы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Енді ұсталған адам мүлкін тәркілеп, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.