KZ
Өскемен
-17°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
506.43 522.43 5.28

ШҚО-ның ерекше жастары «Абайға хат» байқауына қатысты

26.08.2020, 05:12 172

«Абайға хат» аймақтық байқауын ШҚО Жастар ресурстық орталығы «Birgemiz:sabaqtastyq ұлттық жобасы аясында ұйымдастырды.

Байқаудың ерекшелігі де сол - оның қатысушылары ерекше қажеттіліктері бар, ерекше күтімге мұқтаж 14-29 жас аралығындағы жастар. Онлайн байқауда өз күштерін сынап көрмекке Алтай, Күршім, Глубокое, Абай, Зайсан, Үржар өңірлерінен, сондай-аұ Өскемен, Семей, Курчатов және Риддер қалаларынан он қыз және ер балалар қатысуға бел байлаған.

Ұйымдастырушылар сайыскерлерге өз ойын ашық білдіруге ешқандай шектеу қоймады. Осылайша жастарға ақын мен ойшыл Абай Құнанбайұлына ақтарыла хат жазып, өлеңдерін жатқа оқып, әндетіп, би билеп, монолог оқып, жүрек қалауын жасаға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, бұл шығармашылық сайыста қазылар алқасы да болған жоқ. Видео форматындағы қатысушылардың барлық жұмыстары Instagram әлеуметтік желісіндегі Жастар ресурстық орталығының парақшасында орналастырылды. Осылайша бағасын көпшілік берді.

Дауыс беру нәтижесінде үшінші орынды Курчатовтан Елдар Елюбаев, екінші орынды зайсандық Айсұлу Серік иеленді. Ал бірінші орынның жеңімпазы үржарлық Мерей Маликов болды. Марапаттау рәсімі ZOOM палатформасында өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздардың дипломдары мен сыйлықтары өздеріне жақын арада жеткізілетін болады.

- Осындай керемет сайысты ұйымдастырған, оған қатысуға мүмкіндік берген бәріңізге рахмет. Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймын. Осындай шаралар алдағы уақытта көп болады деп сенемін, - деп бөлісті Айсұлу Серік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу