KZ
Өскемен
-15°
переменная облачность жел 2 м/с, С
506.43 522.43 5.28

Covid-19: ШҚО науқастары саны бойынша алдынғы орынға шығып кетті

26.08.2020, 03:15 75

Шығыс Қазақстан облысында тағы 27 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 8 адамның сырқаты симптомсыз. Осылайша ШҚО бір тәуліктегі науқастары саны бойынша ел көлемінде алдынғы орынға шығып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Coronavirus2020.kz деректеріне сүйенсек, өткен тәулікте елімізде 173 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 75 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы болып шықты.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 16 / 3
Алматы қаласы - 21 / 6
Шымкент қаласы - 2 / 0
Ақмола облысы - 7 / 4
Ақтөбе облысы - 4 / 0
Алматы облысы - 4 / 2
Атырау облысы - 17 / 16
Шығыс Қазақстан облысы - 27 / 8
Жамбыл облысы - 3 / 1
Батыс Қазақстан облысы - 11 / 6
Қарағанды облысы - 19 / 4
Қостанай облысы - 9 / 6
Қызылорда облысы - 1 / 1
Маңғыстау облысы - 5 / 5
Павлодар облысы - 6 / 4
Солтүстік Қазақстан облысы - 11 / 5
Түркістан облысы - 10 / 4

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 105 075.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу