Төреғали Төреәлінің отбасында той. Құзырлы орган факті жинап жатыр
![](/kz/uploads/posts/iblock/589/58920c19c21fda21f35c2d9de7a54c0e.jpg)
Төреғалидің отбасы карантин қарамастан той жасаған. Енді аталмыш заңбұзушылық фактісі бойынша барлық материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін арнайы қызметке жолданды.
Төреғалидің қарындасы Фариза Төреәлі 2019 жылы спортшы Дархан Нортаевтың өзіне жар болуын сұраған ұсынысын қабыл алған болатын. Мамыр айында мұсылман шартымен үйлену рәсімі өтті. Ал үлкен той карантинге байланысты кейінге қалдырылған еді.
Дегенмен өнерлі отбасы елдегі карантин шараларының толықтай алынып тасталуын күтпестен, жақында тойды дүркіретіп атап өткені белгілі болды.
Инстаграм әлеуметтік желісінде танымал әнші Мақпал Жүнісова сол үйлену тойынан түсірілген видеоны жариялады. Ол тойдың үйде болғанын, сондықтан аяқ-киімді шешіп қойып, билегендерін жазған.
Тағы бір видеоны орналастырған әнші Төреғали Төреәлінің қарындасының салтанатты кешінде болғанын, жас жұбайларға бақыт тілейтінін жазыпты.
https://www.instagram.com/p/CEEydWrHVYh/?utm_source=ig_web_copy_link
Бұл видеолар тәртіп сақшыларының назарынан тыс қала алмады. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті полиция қызметі бұл фактіге байланысты шұғыл іске кірісті.
- Алмалы жергілікті полиция қызметі тойды ұйымдастырушыларды анықтады. Бұл заңбұзушылық фактісі бойынша барлық материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін ол Тауар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.