Өзенге көлік жуған жүргізушіге ескерту жасалды – Өскемен
Өскемен қаласының полициясы 24 шілдеден бері «Таза Қазақстан» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуде. Іс-шара 30 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
30 шілде күні тәрітп сақшылары бір құқық бұзушыны анықтады.
Жүргізуші көлігін өзен жағасында жуды. Сондықтан оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес ескерту жасалды. Құқықбұзушы бір жыл ішінде қайта ереже бұзса, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады, – деп мәлімдеді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз