ШҚО-да адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл оқиға айдың басында Өскемен іргесіндегі Меновное ауылында болған. Жаяу адамды қағып кеткен жүргізуші дереу оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция қызметкерлері істі бақылауға алып, бірнеше күнде ереже бұзушыны тапты.
– «102»-ге 48 жастағы әйел адам қоңырау шалып, туысқанын көлік қағып кеткенін хабарлады. Зардап шегушінің жасы 58-де. Ал айыпты азаматы тәртіп сақшылары анықтады. Ол Семей қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушыны жазалау туралы шешімді сот шығарады. Семей тұрғыны не айыппұл төлейды, не жүргізушілік құқығынан айырылады.