19-шағынауданда абаттандыру жұмыстары аяқталып келеді – Өскемен
![](/kz/uploads/posts/iblock/267/267704fb2cc5d3d32bb91c7e3adc27e7.jpg)
Өскемен қаласында биыл 35 аула абаттандырылуы тиіс. Қазіргі уақытта олардың көпшілігі жөнделіп қойды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
19-шы шағынаудандағы нысандарда қазір қызу жұмыс жүріп жатыр. Құрылысшылар барлығы 10 ауланы ретке келтіреді, қазір төртеуі дайын. Көпқабатты үйлердің ауласына орындықтар орнатылып, урналар қойлады және көше шамдары орнатылады. Қоршаулар салынып, шағын сәулет нысандары да қойылмақ. Сондай-ақ ойын алаңдары абаттандырылады. Үш футбол алаңы салынады. Оларды қыста мұз айдыны етуге де болады.
Алаңдардың біреуі – 800 шаршы метр, екеуі – 400 шаршы метрлік. Бұл жерді қаладағы ең әдемі демалыс орындарының біріне айналдыруды жоспарлап отырмыз. Мердігерлер тиісті жұмыстарды қыркүйек айында аяқтауы тиіс, – деп мәлімдеді қала әкімдігі.