Коронавирус: 1 маусымнан бастап науқастардың саны 17 есе өсті
ШҚО-да 1 маусымнан бастап COVID-19 жұқтырғандар қатары 135-тен 2313 адамға дейін немесе 17 есеге өсті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.
Науқастардың қатарының күрт артуына байланысты "Д" жоспарына сәйкес 1770 инфекциялық, 1896 провизорлық және 2590 карантиндік төсек орын ашылды. 227 жансақтау орны жабдықталды. Зерттеу мен диагностиканың бірыңғай алгоритмі жасалды.
- Қолда бар 196 ӨЖЖ, 57 мобильді рентген-аппаратьарға қосымша 50 ӨЖЖ, 10 рентген сатып алдық. Осылайша, 1 қыркүйекке қарай біздің облыстағы өкпені жасанды желдету құрал саны 246 жетеді, - дейді облыс әкімі.